Пресс-служба

в настоящий момент средняя загруженность

Ожидание ответа 30 - 90 сек. Мы ждем Вашего звонка
+7 (727) 250-30-20

в настоящий момент средняя загруженность

Ожидание ответа 30 - 90 сек.

Мы ждем Вашего звонка

Сбер және Торайғыров атындағы Университет: ESG және Экожүйенің дамуы

9 ақпанда «Сбербанк» АҚ ЕБ және С. Торайғыров атындағы Павлодар Мемлекеттік Университеті Өзара қарым-қатынас орнату және серіктестік туралы меморандумға қол қойды, оның аясында академиялық және ғылыми бағыттағы жобаларды іске асыру саласында серіктестік нығайтылады.

Құжатқа «Сбербанк» АҚ ЕБ-ның Павлодардағы филиалының директоры Александр Калинин және Торайғыров Университетінің академиялық мәселелер жөніндегі Басқарма Мүшесі – проректор Петр Быков қол қойды.

Оқу орнында студенттер мен ұстаздар аудиториясына Александр Калининнің «ESG және Экожүйенің дамуы» тақырыбында өткізген лекциясы бірлесе жасалған жұмыстың алғашқы кезеңі болды. Келесі қадам – болашақ қарыз алушылардың жобаларына ғылыми-техникалық сараптама жасау аясында серіктестік орнату, ESG-негіздері ретінде төмендегілер белгіленді:

- қоршаған ортаны қорғау;

- әлеуметтік жауапкершілік;

- корпоративтік басқарудың деңгейі.

Меморандумға қол қоюшылар серіктестермен, контрагенттермен және клиенттермен өзара қарым-қатынас орнатқан кезде аталған негіздерге сүйенеді.

Естеріңізге салсақ, Сбер Банк ESG – қоршаған ортаны қорғай отырып тұрақты даму негіздеріне алғашқылардың бірі болып өтті. Басқарушы буынды дайындау, сонымен бірге тұрақты даму саласында сараптаманы дамыту – бүгінде басты артықшылықтардың бірі болып саналады, ол ESG ендіруге байланысты сұрақтар мен қарсы сындарға жауап берудің жаңа шешімі болмақ.

 

Поделиться


Алматы