Пресс-служба

в настоящий момент средняя загруженность

Ожидание ответа 30 - 90 сек. Мы ждем Вашего звонка
+7 (727) 250-30-20

в настоящий момент средняя загруженность

Ожидание ответа 30 - 90 сек.

Мы ждем Вашего звонка

Сбер Банк ескертеді: сақ болыңыз, алаяқтар!

«Сбербанк» АҚ ЕБ ақша аудару жүйелерін пайдалануға байланысты алаяқтық жағдайларының жиілеп кеткенін ескертеді. Киберқылмыспен күрес орталығының деректеріне сай Қазақстанда тек қаңтар айының өзінде 2,5 мың алаяқтық фактісі тіркелген. Айта кетерлігі, тіркелген қылмыстың жартысы интернет-алаяқтық арқылы жасалған.

Сбер алаяқтықтың ең көп тараған тәсілдері туралы және алаяқтықтан қорғанудың қарапайым әрі тиімді жолдарын айтады.

 

Онлайн тұзақтар

Мессенджерлерде ірі банктердің атынан-мыс хабарламалар тарауда, онда пайдаланушыларға сайттағы сұрақтарға жауап беру және ақшалай жүлде ұтып алу мүмкіндігі ұсынылады. Әдетте мұндай онлайн-платформалар пайдаланушылардың жеке деректерін алуға ұмтылатын кибералаяқтарға тиесілі болады.

Интернет-шопинг

Алаяқтар жаңа тенденцияға ілесе отырып, сатушылардың ғана емес сатып алушылардың да рөлін жақсы меңгерген. «Сатып алушылардың» үлгісі бұрыннан белгілі: алаяқ «тауар ақысын төлеуге» сілтеме жібереді, ол сілтеме жалған парақшаға әкеледі. Нәтижесінде құрбан ақшасыз қалады және сатып алған затын ала алмайды.

Тура осындай үлгімен жалған сатып алушылар да әрекет етеді. Олар сайтқа өтетін сілтеме жібереді, ол сілтеме бойынша сатушы карта деректерін, сонымен қатар CVV-кодын енгізу қажет. Бұл сатушы «сатып алушы» қалдырған «әлдебір депозиттен ақша шешіп алу үшін» қажет. Шын мәнісінде, алаяқ шотқа қолжетімділік алады.

Болашақ зардап шегуші

Қаскүнемдер өз құрбандарына банктің қауіпсіздік бөлімінің қызметкері болып қоңырау шалады. Олар дәл қазір белгісіз біреулердің төлем картасын бұзғысы келгенін, ақша шешіп алу әрекеті жасалғанын немесе күмән тудыратын әрекеттерді байқағанын және әлдебіреулердің несие рәсімдеуге ұмтылғанын хабарлайды. Содан кейін қаскүнемдер нұсқаулық талаптарын сақтауды, смс-кодтарды хабарлауды өтінеді. Қаскүнемдер көрсетілген смс-кодтар арқылы зардап шегушінің картасынан өзге картаға ақша қаражатын аударады.

«Табысты бизнес»

Алаяқтар әлеуметтік желілерде және поштаға мол табысқа кенелуге болатын жобаға инвестиция құю арқылы табыс табуды ұсынады. Жобаның табыс әкелетінін толық сипаттап, шотқа белгілі бір соманы салуды сұрайды. Алаяқтардың шотына ақша аударылған жағдайда, зардап шегуші салған ақшасынан айырылады, оны кері қайтарып ала алмайды.

Қайырымдылықты сылтау етіп жасалатын алаяқтық

Алаяқтар мессенджерде немесе әлеуметтік желілерде «науқас жандарға/зейнеткерлердің дәрі-дәрмегіне» және т.б. қайырымдылық шараларға қаражат жинау туралы ақпарат таратады. Қаскүнімдер ақша аудару үшін электрондық әмиян немесе карта деректерін көрсетіп қояды. Алайда мұндай қаржы қайырымдылыққа емес, алаяқтардың қалтасына түседі.

Алаяқтардың арбауынан қалай қорғану керек?

  • бөгде адамдармен хат алмасқан кезде сілтемелерден өтпеңіз — оның көмегімен қаскүнемдер сіздің төлем деректеріңізге ие болады;
  • күмән тудыратын сайттарда өзіңіз туралы жеке ақпаратты, банк карталарыңыздың деректерін енгізбеңіз;
  • компьютеріңіздегі және ұялы құрылғыларыңыздағы қауіпсіздік функцияларын (антивирустық қорғанысты, мерзімді түрде өзгерту арқылы қиын құпия сөздерді) қолданыңыз;
  • тауар ақысын хабарламалар көрсетілген кіріктірілген сайттар платформасында төлеңіз немесе тауарды алғанда, оның ақысын қолға беріңіз;
  • бөтен адамдардың қоңырауына сенім білдірмеңіз, оларға жеке деректеріңізді, әсіресе, PIN-кодты, CVV-кодты айтпаңыз;
  • ресми емес дереккөздерінен бағдарламалар жүктемеңіз;
  • күмән тудыратын жүктемелерді ашпаңыз және белгісіз сілтемелерден өтпеңіз.

Егер төмендегі жағдайлар орын алса:

  • өз шоттарыңызға қатысты өзге бір әрекеттерді байқасаңыз;
  • шоттарыңызға қашықтан қолжетімділік ала алмасаңыз;
  • қызмет көрсету бойынша картаңызды қабылдамаса, шұғыл түрде Банкке хабарласыңыз.

 

Поделиться


Алматы