Пресс-служба

в настоящий момент средняя загруженность

Ожидание ответа 30 - 90 сек. Мы ждем Вашего звонка
+7 (727) 250-30-20

в настоящий момент средняя загруженность

Ожидание ответа 30 - 90 сек.

Мы ждем Вашего звонка

СберБанк Қазақстан қазақстандық банктердің клиенттерінің сұрақтарына жауаптар тізімін дайындады

Қазіргі уақытта банктердің клиенттерін операциялық қызметке, қолжетімді сервистер мен қызметтерге, сондай-ақ шоттары мен жинақ ақшасына қатысты бірқатар сұрақтар қызықтырады. СберБанк өз клиенттерін хабардар етіп отырады және әрқашан барлық қажетті ақпаратты ұсынады. Банк қазақстандық банктердің клиенттерінде туындайтын, жиі қойылатын сұрақтарға жауаптар тізімін дайындады.  

Сұрақ

Жауап

1.

 

Қазақстандық банктердің клиенттеріне бұл қалай әсер етеді?

Қазақстанның қаржылық жүйесі тәуелсіз, сондықтан сіздің теңгедегі төлемдеріңіз бен ақша аударымдарыңызға бұл еш әсер етпейді.

Сіз бұрынғыдай ақша аудару, төлем жасау, айырбастау, несие алу немесе депозиттер ашу операцияларын жасай аласыз.

2.

Менің ақшам не болады?

Банк толық жауапкершілікті өзіне алады және ақшаңыздың сақталуына кепілдік береді. Ақшаңызды бұрынғыдай қолдана аласыз. Біздің барлық бөлімшелеріміз, онлайн қосымшаларымыз штаттық тәртіпте жұмыс істейді

 

3.

ҚР банктері арасында теңгеде ақша аударымын жасай аламын ба?

Иә, ҚР банктері арасында теңгеде ақша аудара аласыз, барлығы штаттық тәртіпте жұмыс жасайды

4.

ҚР банктері арасында АҚШ долларында ақша аударымын жасай аламын ба?

Иә, долларда ақша аудара аласыз, барлығы штаттық тәртіпте жұмыс істейді

 

5.

Шетелге доллар аудара аламын ба?

Қазіргі уақытта шетелге доллар аудара аласыз, барлығы штаттық тәртіпте жұмыс істейді

6.

Рубль аудара аламын ба?

Иә, рубль аудара аласыз, барлығы штаттық тәртіпте жұмыс істейді

 

7.

Теңгеде төлем жасай аламын ба?

Иә, теңгеде төлем жасай аласыз, барлығы штаттық тәртіпте жұмыс істейді

 

8.

Менің VISA және Mastercard карталарым жұмыс істейді ме?

Иә, VISA және Mastercard халықаралық төлем жүйелерінің карталары бойынша операциялар бұрынғыдай жұмыс істейді

9.

Жалақымды картама теңгеде ала аламын ба?

Иә, картаға қаражат аударуды қосқанда, барлық операциялар штаттық тәртіпте жұмыс істейді

10.

Жалақымды картама долларда ала аламын ба?

Қазіргі уақытта шетелге доллар аудара аласыз, барлығы штаттық тәртіпте жұмыс істейді

11.

Валюта айырбастай аламын ба?

Қазіргі уақытта айырбастау операциялары еш шектеусіз жүргізіледі.  Айырбастау операцияларын СберБанктің бөлімшелерінде, сондай-ақ  Sber KZ және СберБизнес мобильді қосымшаларында жүргізе аласыз. 

 

12.

Интернетте төлем жасай аламын ба?

Иә, VISA және Mastercard карталары жұмыс істейді, соның ішінде интернетте ақы төлеген кезде де жұмыс істейді

 

13.

Ресейге ақша аудара аламын ба?

Қазіргі уақытта Ресейге ақша аударымын жасай аласыз, барлығы штаттық тәртіпте жұмыс істейді

 

14.

Өзбекстанға/Қырғызтанға/Тәжікстанға ақша аударымын жасай аламын ба?

Иә, аталған елдерге ақша аудара аласыз, барлығы штаттық тәртіпте жұмыс істейді

 

15.

Мобильді қосымша жұмыс істейді ме?

Иә, Sber KZ және СберБизнес (заңды тұлғаларға арналған) мобильді қосымшалары әдеттегідей жұмыс істейді. Біздің қосымшаларымыз жаңа өнімдер мен сервистердің іске қосылуына қарай үнемі толықтырылып және жақсартылып отырады.

 

16.

Менің салымдарым кепілдендірілген бе?

Банк толық жауапкершілікті өзіне алады және ақшаларыңыздың сақталуына кепілдік береді.  Ақшаңызды бұрынғыдай қолдана аласыз. Банктің барлық бөлімшелері, онлайн қосымшалары штаттық тәртіпте жұмыс істейді

 

17.

Менің несием не болады?

Несиелер бойынша еш өзгеріс жоқ. Несие бұрынғы режимде өтеледі.

 

18.

Менің депозитім не болады?

Банк толық жауапкершілікті өзіне алады және ақшаңыздың сақталуына кепілдік береді.  Ақшаңызды бұрынғыдай қолдана аласыз. Біздің барлық бөлімшелеріміз, онлайн қосымшаларымыз штаттық тәртіпте жұмыс істейді

 

Ескертпе

СберБанк депозиттерге міндетті кепілдік беру жүйесінің қатысушысы. Салымшылардың ақшасын Қазақстанның депозиттерге кепілдік беру қоры сақтандырады.

19.

Өз шотымнан валюта ала аламын ба?

 

Иә, хабарласқан кезде валюталық шотыңыздағы барлық қаражат қолжетімді болады. Банктің кез келген бөлімшесіне келіп, шотыңыздан валюта ала аласыз.

 

Ескертпе

Хабарласқан күні  10 000 USD дейін соманы алуға болады

10 000-на 50 000 USD дейін алдын ала тапсырыс беру арқылы аласыз. 50 000 USD жоғары қолма-қол жасалмайтын аударым арқылы аласыз.

 

20.

Төлем сервистерінің көмегімен есептесе аламын ба?

 

Иә, барлық сервистер кедергілерсіз жұмыс істейді. Сондай-ақ операцияларды  Apple Pay, Google Pay, Samsung Pay және SberPay арқылы жасай аласыз.

 

 

21.

Шетелде Сбер картасын қолдана аламын ба?

Иә, шетелде пластикалық карталар бойынша барлық операцияларды, әдеттегідей, еш шектеусіз жасай аласыз. 

 

22.

Валютаны қалай сатып алуға және сатуға болады?

Қазіргі таңда ағымдағы бағам бойынша валюта айырбастау еш шектеусіз жүргізіледі. Ағымдағы бағам бойынша валютаны СберБанктің бөлімшелерінде немесе  Sber KZ және СберБизнес мобильді қосымшаларында айырбастауға болады. 

 

 

 

 

Поделиться


Алматы