Пресс-служба

в настоящий момент средняя загруженность

Ожидание ответа 30 - 90 сек. Мы ждем Вашего звонка
+7 (727) 250-30-20

в настоящий момент средняя загруженность

Ожидание ответа 30 - 90 сек.

Мы ждем Вашего звонка

Сбербанктің 180 жылдығына арналған «Сбербанк 180» маркетингтік акциясының талаптары

"Сбербанк 180" Маркетингтік Акциясы (бұдан әрі - Акция) Клиенттер - Сбербанктің Visa All In төлем картасын ұстаушыларға арналған.

Терминдер мен анықтамалар.

  1. Акция — «Ресей Жинақ банкі» Акционерлік Қоғамы Еншілес Банкімен ұйымдастырылған «Сбербанк 180» атты маркетингтік акциясы (Қазақстан Республикасының Қаржы нарығын реттеу мен дамыту агенттігі берген 03.02.2020 ж. № 1.2.199/93/31  Лицензия).
  • Акцияға қатысушы - Акция 1 800 теңгеден асатын сомаға акция өткізілетін кезеңде POS-терминалдарда, интернет-төлемдерде тауар немесе қызмет ақысын Сбербанктің VISA картасымен төлеген және Sberbank KZ мобильді қосымшасында VISA картасы арқылы төлем жасаған Банк Клиенттерінің арасында өткізіледі.
  • Ұтыс ойындарының бірінің жеңімпазы болып табылатын Клиент акция өткізілетін кезеңде басқа ұтыс ойынына қатыса алмайды.
  • Акцияың барлық қатысушылары 19.11.2021 ж. Land Cruiser 300 ұтыс ойынына қатысады.
  • Акция қатысушысының Банк алдында мерзімі кешіктірілген берешегі жоқ.
  • Ұтыс ойыны кезінде акцияғы қатысушының жасы толық 18-де және одан үлкен болуы керек.
    1. Акция өткізілетін кезең - 05.07.2021 ж. бастап 19.11.2021 ж. дейін.
    2. Жеңімпаз – осы Акцияда көрсетілген тәртіпте жеңімпаз болып танылған Акцияға қатысушы;
    3. Резервтегі жеңімпаз- Акцияның екінші және үшінші жеңімпазы атану үшін талаптарды жеткілікті түрде толық орындаған Акция қатысушысы;
    4. Жүлде - осы Акцияға сәйкес Акция Жеңімпазына табысталатын сыйлық;

 

 

2. Акцияға қатысу талаптары.

2.1. Акция 1 800 теңгеден асатын сомаға акция өткізілетін кезеңде POS-терминалдарда, интернет-төлемдерде тауар немесе қызмет ақысын Сбербанктің VISA картасымен төлеген және Sberbank KZ мобильді қосымшасында VISA картасы арқылы төлем жасаған Банк Клиенттерінің арасында өткізіледі.

2.2. Акцияға қатысушы клиенттер: жеке тұлғалар (резиденттер).

2.3. Акцияға қатыса алмайтын тұлғалар: Банк қызметкерлері және Банктің үлестес жеке тұлғалары, сондай-ақ Акцияға қатысу кезінде 18 жасқа толмаған тұлғалар.

2.4. Бір Клиент шексіз төлем жасай алады.

2.5. Акция өткізілетін кезең – 05.07.2021- 19.11.2021 ж.

2.6. Ұтыс ойындары екі аптада 1 рет,  келесі күндері ойнатылатын болады: 16.07.2021, 30.07.2021, 13.08.2021, 27.08.2021, 10.09.2021, 24.09.2021, 08.10.2021,22.10.2021, 05.11.2021, 12.11.2021.

2.7. Land Cruiser 300 ұтыс ойыны – 19.11.2021 ж.

2.8. Ұтыс ойындары Банкке байланысты емес себептермен басқа күндерге ауыстырылуы мүмкін.

2.9. МжКБ жауапты қызметкері ұтыс ойыны басталғанға дейін жүлделердің аталған ұтыс ойынына қатысуға құқығы бар қатысушылар тізімін сұратады.

 

3. Акцияның жүлде қоры:

 

3.1. Акция шеңберінде жүлделер ретінде келесі жүлделер беріледі:

Сипаттамасы

Саны, дана

1.

MacBook Pro 13’’ с Touch Bar, 8 ГБ, 256 ГБ, Apple M1, Grey Space

15

2

Apple iPhone 12 Pro 128GB

15

3

Apple Watch Series 6 GPS, 44мм

5

4

GSM Samsung Galaxy S21 Ultra Смартфоны, 256Gb Black

15

5

Galaxy Watch3 Смарт-сағаты, Stainless 45mm SM-R840NZSACIS

5

6

 JBL Live 650BT White JBLLIVE650BTNCWHT құлаққаптары

10

7

Wireless Charger PRESTIGIO ReVolt A1 2*USB Type A сымсыз қуаттау құрылғысы

4

8

Fitness Blitz фитнес-клубына 1 айға сертификат

10

9

Спортмастерге 50 000 теңгеге сертификат

5

10

Technodom-ға 20 000 теңгеге сертификат

10

11

Фототүсірілімге 30 000 теңгеге сертификат

3

12

6 айға Okko Premium жазылымы

20

13

СберЗвукқа 1 жылға жазылым

30

14

Apple iPhone 11 Pro 64Gb Black

2

15

Land Cruiser 300

1

 

Барлығы

150

 

3.2. Жүлделер айырбасталмайды және қайтарылмайды. Жүлдені ақшалай баламасымен және (-немесе) өзге затпен беруге жол берілмейді.

3.3. Туындайтын барлық салықтарды Банк Банктің табысы есебінен төлейді: жүлделер құнынан 10% ЖТС  төленеді.

3.4. Жүлделерді үлестіру:

1-ұтыс ойыны:
- MacBook Pro 13’’  Touch Bar-мен - 2 дана,
- Apple iPhone 12 Pro - 3 дана,
- Technodom-ға сертификат - 1 дана,
- Okko-ға жазылым- 2 дана,
- СберЗвукқа жазылым - 3 дана,
- Fitness Blitz фитнес- клубына сертификат-  2 дана,
- JBL Live 650BT White JBLLIVE650BTNCWHT құлаққаптары - 2 дана,
- Apple Watch Series 6 GPS - 1 дана,
- Фототүсірілімге сертификат  -  1 дана.

2-ұтыс ойыны:
- MacBook Pro 13’’ Touch Bar-мен - 1 дана,
- Samsung Galaxy S21 Ultra 256Gb - 3 дана,
- Technodom-ға сертификат - 1 дана,
- Okko-ға жазылым- 2 дана,
- СберЗвукқа жазылым - 3 дана,
- Wireless Charger PRESTIGIO сымсыз қуаттау құрылғысы - 1 дана,
- Apple Watch Series 6 GPS - 1 дана,
- Спортмастерге сертификат  -  1 дана.

3-ұтыс ойыны:
- MacBook Pro 13’’  Touch Bar-мен - 2 дана,
- Apple iPhone 12 Pro - 3 дана,
- Technodom-ға сертификат - 1 дана,
- Okko-ға жазылым- 2 дана,
- СберЗвукқа жазылым - 3 дана,
- JBL Live 650BT White JBLLIVE650BTNCWHT құлаққаптары  - 2 дана,
- Спортмастерге сертификат  -  1 дана,
- Galaxy Watch3 Stainless смарт-сағаты - 1 дана

4- ұтыс ойыны:
-MacBook Pro 13’’ Touch Bar-мен - 1 д.,
- Samsung Galaxy S21 Ultra 256Gb - 3 д.,
- Technodom-ға сертификат - 1 д.,
- Okko-ға жазылым - 2 д.,
- СберЗвукқа жазылым - 3д.,
- Apple Watch Series 6 GPS - 1д.,
- JBL Live 650BT White JBLLIVE650BTNCWHT құлаққаптары - 2д.,
-  Fitness Blitz фитнес-клубына сертификат- 2д.
- Apple iPhone 11 Pro 64Gb Black – 1дана.

5- ұтыс ойыны:
- MacBook Pro 13’’  Touch Bar-мен - 2 дана,
- Apple iPhone 12 Pro - 3 дана,
- Technodom-ға сертификат - 1 дана,
- Okko-ға жазылым- 2 дана,
- СберЗвукқа жазылым - 3 дана,
- Fitness Blitz фитнес- клубына сертификат-  2 дана,
- Galaxy Watch3 Stainless смарт-сағаты - 1 дана,
- Спортмастерге сертификат  -  1 дана.

6-ұтыс ойыны:
- MacBook Pro 13’’ Touch Bar-мен - 1 дана,
- Samsung Galaxy S21 Ultra 256Gb - 3 дана,
- Technodom-ға сертификат - 1 дана,
- Okko-ға жазылым- 2 дана,
- СберЗвукқа жазылым - 3 дана,
- Wireless Charger PRESTIGIO сымсыз қуаттау құрылғысы - 1 дана,
- Galaxy Watch3 Stainless смарт-сағаты - 1 дана,
- Фототүсірілімге сертификат  -  1 дана.

7- ұтыс ойыны:
- MacBook Pro 13’’  Touch Bar-мен - 2 дана,
- Apple iPhone 12 Pro - 3 дана,
- Technodom-ға сертификат - 1 дана,
- Okko-ға жазылым- 2 дана,
- СберЗвукқа жазылым - 3 дана,
- JBL Live 650BT White JBLLIVE650BTNCWHT құлаққаптары - 2 дана,
- Apple Watch Series 6 GPS - 1 дана,
- Fitness Blitz фитнес- клубына сертификат  -  2 дана.

8-ұтыс ойыны:
- MacBook Pro 13’’ Touch Bar-мен - 1 дана,
- Samsung Galaxy S21 Ultra 256Gb - 3 дана,
- Technodom-ға сертификат - 1 дана,
- Okko-ға жазылым- 2 дана,
- СберЗвукқа жазылым - 3 дана,
- Спортмастерге сертификат  -  1 дана
- Wireless Charger PRESTIGIO сымсыз қуаттау құрылғысы - 1 дана,
- Фототүсірілімге сертификат - 1 дана.
- Apple iPhone 11 Pro 64Gb Black – 1дана.

9-ұтыс ойыны:
-MacBook Pro 13’’ Touch Bar-мен - 1 д.,
- Apple iPhone 12 Pro - 3 д.,
- Technodom-ға сертификат - 1 д.,
- Okko-ға жазылым - 2 д.,
- СберЗвукқа жазылым - 3д.,
- Galaxy Watch3 Stainless смарт-сағаты - 1д.,
- JBL Live 650BT White JBLLIVE650BTNCWHT құлаққаптары - 2д.,
-  Fitness Blitz фитнес-клубына сертификат- 2д.

10- ұтыс ойыны:
- MacBook Pro 13’’ Touch Bar-мен - 2 дана,
- Samsung Galaxy S21 Ultra 256Gb - 3 дана,
- Technodom-ға сертификат - 1 дана,
- Okko-ға жазылым- 2 дана,
- СберЗвукқа жазылым - 3 дана,
- Wireless Charger PRESTIGIO сымсыз қуаттау құрылғысы - 1 дана,
- Apple Watch Series 6 GPS - 1 дана,
- Galaxy Watch3 Stainless смарт-сағаты - 1д.,
- Спортмастерге сертификат  -  1 дана.

 

4. Жеңімпаздарды анықтау тәртібі

 

4.1. Жеңімпаздарды анықтау Маркетинг және коммуникациялар басқармасының (бұдан әрі - МжКБ) жауапты қызметкерлерінен тұратын комиссияның қатысуымен, келесі кездейсоқ сандар генераторы веб-сайтында Жеңімпазды кездейсоқ таңдау арқылы жүзеге асырылады: www.random.org немесе lizaonair.com. Жеңімпаздарды анықтау үшін 2.4  т. көрсетілген Акцияға қатысу талаптарын орындаған барлық Акция қатысушыларының жеке сәйкестендіру нөмірлері (соңғы 4 цифр) пайдаланылады. Жеңімпаздарды анықтау Банктің Әлеуметтік желілерінің парақшаларында тікелей эфирде, барлық әрекеттерді бейнежазбалау арқылы жүргізілетін болады. 

4.2. Акция қорытындысы бойынша негізгі Жеңімпазбен қатар, Банк Акцияның негізгі Жеңімпазы анықталған күннен кейінгі бір жұмыс күні ішінде негізгі Жеңімпазға хабарласа/байланыса алмаған жағдайға арнап (Жеңімпаздың телефон нөміріне 3 рет хабарласады) 3 (үш) Резервтік Жеңімпаз анықталады. Банктің Жеңімпазға телефон арқылы хабарласа алмау дерегін  Жеңімпазға қоңырау шалу кезінде МжКБ жауапты қызметкерлерінің қатысуымен жауапты қызметкерлер жасаған бейнежазба растайтын болады.

4.3. Жеңімпаздар туралы ақпарат Instagram-дағы @sberbank_kz ресми парақшада тікелей эфир өткізу және оны IGTV-де сақтау арқылы жарияланады. Ақпаратты жариялау және Жеңімпазға Жүлдені табыстау үшін Банктің жауапты менеджері Акция Жеңімпазынан ол толтырған және қол қойған осы Талаптарға №1 Қосымшаға сәйкес банктік құпия мен клиенттің жеке деректері туралы ақпаратты ашуға өтініш-келісімін алуы тиіс.

 

5. Жүлдені табыстау тәртібі

 

5.1. Жеңімпаз анықталған күннен бастап бір жұмыс күні ішінде Банк (МжКБ жауапты менеджері) Жеңімпазға оның Жүлдені алу құқығы және сәйкес Жүлдені табыстау орны туралы хабарлайды. Жүлдені алар кезде Жеңімпаз өзінің жеке куәлігін немесе егер ол сенім артылған тұлға болған жағдайда, Жүлдені алуға және осы Ережеге №1 Қосымшаға сәйкес банктік құпия мен клиенттің жеке деректері туралы ақпаратты ашуға өтініш-келісімге қол қоюға сенімхатты ұсынуы тиіс.

5.2. Егер Банк (МжКБ жауапты менеджері) белгіленген мерзімде осы Ережеде көрсетілген себептермен негізгі Жеңімпазбен хабарласа алмаған жағдайда, Банк (МжКБ жауапты менеджері) жауапты қызметкерлерді хабардар ете отырып, 1 (бір) жұмыс күні ішінде Жеңімпаздар тізіміне сәйкес  резервтегі Жеңімпазбен хабарласады және Жүлдені алу құқығы резервтегі Жеңімпазға өтеді.

5.3. Жеңімпаз Банкпен байланысты емес кез-келген себептермен, соның ішінде Жеңімпаздың жеке сәйкестендіру нөмірі, байланыс мекенжайы, аты және/немесе тегі, телефон нөмірі немесе өзге деректемелері  Клиент картасында дұрыс көрсетілмеген немесе өзгертілген жағдайда Жүлдені ала алмағаны үшін Банк жауапты болмайды. Бұл ретте мұндай Жеңімпаздардың Банктен қандай да бір өтемақы алу құқығы жоқ.

5.4. Жеңімпаздың Банктік құпия мен клиенттің жеке деректері туралы ақпаратты ашуға өтініш-келісімге қол қоюдан, Жүлденің Жеңімпазға/ Жүлдені алушыға табысталғанын растайтын өқжатқа қол қоюдан баст тартуы, Жеңімпаздың жеке басын куәландырушы құжатты/ Жүлдені алушының сенімхатты ұсынбауы Банкпен Жеңімпаздың жүлдеден бас тартуы ретінде қарастырылатын болады. Бұл үшін Банк жауапты болмайды.

5.5. Жеңімпаз жүлдені алған сәттен бастап меншік құқығы оған өтеді. Сол сәттен бастап Банк Жүлдені жоғалту, оны иелену және басқарумен байланысты туындайтын қауіп үшін жауапты болмайды.

5.6. Жүлденің Жеңімпазға/Жүлдені алушыға тапсырылуы Банктің жауапты қызметкерінің және Жеңімпаздың/Жүлдені алушының тиісті құжатқа (акт) қол қою арқылы расталады.

 

 

6. Өзге талаптар.

 

6.1. Банк осы Акция талаптарына өзгертулер енгізуге құқылы. Осы Акция өзгертілген жағдайда Банк осы Акцияның жаңа редакциясы күшіне енгенге дейін кемінде 5 (бес) күнтізбелік күн бұрын осы Акцияның жаңа рекдакциясын Банктің https://www.sberbank.kz/ru/individuals сайтында жариялау арқылы хабарландырады: Сонымен қатар Банк Клиенттердің осы Акцияның өзгеруі туралы Клиенттерге маркетингтік және/немесе ақпараттық материалдарды ұсыну жолымен хабарландыруға да құқылы.

6.2. Клиент осы Акцияға өзгертулер мен толықтырулар енгізілгенін өздігінен бақылауға міндеттенеді. Клиенттің осы Акцияның жаңа редакциясы күшіне енгеннен кейін төлем картасын және/немесе осы Акцияны пайдалану бойынша іс-әрекет жасауы Клиенттің осы Акцияның жаңа редакциясымен келіскендігінің растамасы болып табылады.

6.3. Егер кез келген Клиент осы Акцияның талаптарын сақтамаса және/немесе алаяқтық әрекеттер жасаса және/немесе Клиентке осы Акция аясында берілетін қандай да бір артықшылықтарын және/немесе сыйларды асыра пайдаланса және/немесе серіктестерге жаңылыстыратын ақпаратты немесе серіктестеріне дұрыс емес мәліметтерді берсе, Банк МжКБ жауапты қызметкер(лер)інің шешімі негізінде ол Клиентті ескертпестен осы Акцияға қатысушылар қатарынан шығарып тастауға құқылы.

6.4. Егер Клиент Жүлдені 14 күнтізбелік күн ішінде себепсіз алып кетпесе - Жүлде автоматты түрде Банк меншігіне айналады.

6.5. Ұтыс ойындарын өткізу және жүлделерді табыстау Хаттамаға сәйкес МжКБ комиссиясының қатысуымен ұйымдастырылуы тиіс.

Поделиться


Алматы