Пресс-служба

в настоящий момент средняя загруженность

Ожидание ответа 30 - 90 сек. Мы ждем Вашего звонка
+7 (727) 250-30-20

в настоящий момент средняя загруженность

Ожидание ответа 30 - 90 сек.

Мы ждем Вашего звонка

Жоғары нәтижелер мен амбициоздық жоспарлар

14-17 шілде күндері Алматы қаласында Қазақстан мен Беларусь елдеріндегі еншілес банктердің өкілдерінің қатысуымен Sberbank International стратегиялық сессиясы өтті.   

Банк мұндай сессияларды жыл сайын өткізеді, алайда ол пандемиялық 2020-ыншы жылдан кейін 2021 жылы ерекше форматта, яғни, оған ішінара қашықтан қатысу түрінде өткізілді, орын алған жағдай банкті жаңа жағдайларда өзіне үйреншікті емес мәселелерді шешуге итермеледі.  Банктің өркендеп-дамуы, қазіргі жағдайы және команданың өзіне мақсат етіп қойған іс-әрекеттерге ұмтылуы ең маңызды мәселе болып табылады.

Сбербанк Қазақстан Басқарма Төрағасы Елдар Теңізбаевтың айтуынша, стратегиялық сессия сияқты командалық жұмыстың мұндай түрі – өте тиімді, осы 2,5 күннің ішінде өзекті деген барлық мәселелер талқыланып, жаңа жобалар қолға алынды. Бұл Сбербанк халықаралық бизнес Тобының жаңа дамудағы бастамасы болмақ.

Аталған іс-шараның негізгі міндеті – ортақ стратегияны іске асыру аясында ұжымдық ойлауды байланыстыру және үйлестіру. Талқылау барысында команданың барлық мүшелерінің келісімімен мақсаттар қойылып, оларға жету жолдары егжай-тегжей қарастырылады, мұның өзі сәттілік болып саналады. Сондай-ақ осындай сессиялардың барысында ерекше назар аударуды талап ететін банктің мықты тұстары мен даму аймақтары белгіленеді.

Сбербанктің ағымдағы ұстанымының оң болғанына қарамастан (оған дәлел ретінде сектордағы негізгі көрсеткіштер бойынша ресми деректер келтірілген) жақсы бола білген жерде, үздік атануға болады. Атап айтқанда, Сбербанк Қазақстан жылдың басынан бастап өсу қарқыны бойынша (ЕБ активтері: +53%, сектор: +21%, ЕБ несиелері: +36%, сектор: +11%, ЕБ депозиттері: +43%, сектор: +25%, ЕБ таза пайдасы: +123%, сектор: +77% (г/г)), сондай-ақ түсім мен дивидендтер бойынша секторда басымдылық танытып келеді. Льюис Кэрролл өзінің «Алисаның ғажайыптар елінде басынан кешкендері» ертегісінде былай дейді: «Өз орныңда тұрақтап қалу үшін қатты жүгіру қажет, ал қандай да бір жерге тап болу үшін екі есе қатты жүгіру керек!». Сондықтан банкте мұндай сессиялардың өткізілуі оның ұжымдық мәдениетінің, акционерлерінің пісіп-жетілгенін айқындайды, олар белгілі бір деңгейге жеткеннен кейін бір орында тоқтап қалмау керек екенін жақсы түсінеді.  Әлем үнемі өзгеріс үстінде, ал ағымдағы стратегияның өзектілігі мен жоғары мәнге иелігі қажеттілік болып саналады.

Сессияға қатысушылар Қазақстан және Беларусь елдеріндегі еншілес банктердің 2023 жылға дейінгі даму стратегиясын талқыға алып, 2024 жылға көз жүгіртті.

Сессияның негізгі айтар ойы — барлық үрдістерді цифрлық тұрғыдан жаңарту, бұл тек жасалатын өзгерістерді ғана емес, эволюциялық және технологиялық, үйлесімді жақсаруларды білдіреді, ол клиенттің тәжірибесі мен банк жұмысынан өз көрінісін табады.

Атап айтқанда, AI-түрлендіру эволюциясына қатысты мәселелер көтерілді, ол соңында өскен қаржылық тиімділік, жақсарған клиенттік тәжірибе және артқан өнімділік түрінде нәтиже береді. Желілік инфрақұрылымға көшу, робот-заңгерді іске қосу, халықаралық SberID-ді жүзеге асыру, АТ-жүйелердің  Platform V-ге (өнімдерді, қызметтерді және қосымшаларды жасауға арналған жиынтық) ауысуы және т.б. сияқты жаңа жобаларды жақын арада іске қосу мәселесі қарастырылды. Айтпақшы, «Сбербанк» АҚ ЕБ-ның Sberbank KZ жаңа мобильдік қосымшасы дәл осы платформада жасалған болатын, бұл ол жерде жаңа сервистер мен қызметтерді жылдам ендіруге мүмкіндік береді.

Сбербанк өзінің экожүйесінің аясында өнімдерінің қатарын жоспарлы түрде көбейтіп келеді, және стратегиялық сессияда болашақта Қазақстанда жүзеге асырылатын жаңа жобалар бойынша статустар туралы сөз қозғалды. Ал офлайн-воркшоптар бір жылға сандық бизнес экожүйесінің мәселелері бойынша айқындылық көрсетті. Болашаққа арналып бизнес-үрдістердегі өзгерістердің жол картасы жасалды және банктің бизнесін, оның қазіргі жағдайы ескеріле отырып, түрлендіруге бағытталған стратегиялық деңгейдегі негізгі тапсырмалар әзірленді.

Сессияның нәтижесі бойынша «Сбербанк» АҚ ЕБ Директорлар кеңесінің төрағасы Тимур Козинцев былай деді: еншілес банктердің өкілдерінің кездесуіне келушілер – жақсы құралған команда, олар бірлесе отырып, тұшымды пікір айтады, сол үшін ұзақ, мән-мағынасы жоқ талқылаулар, қандай да бір қарама-қайшылықтарды  туындамайды.

Стратегиялық сессияның соңында Қазақстан мен Беларусь еліндегі еншілес банктердің бірқатар қызметкерлері айрықша жетістіктері мен жобаларды іске асырғандары үшін құрмет грамоталарымен және алғыс хаттарымен марапатталды. Мараптқа ие болғандардың арасында Сбербанк Қазақстаннан Бөлшек бизнесті дамыту бойынша басқарушы директор Амырхан Чиканаев, Интернет-эквайринг басқармасының директоры Илья Емельянов, Басқарушы директор-Chief Data Officer Степан Глушков, Банктік технологиялар басқармасының директоры Перизат Жусупбаева, Корпоративтік бизнес департаментінің директоры Бакытжан Карагойшин, БКД-дегі бағыт беру басшысы Сенержан Байкенже, БКД-дегі бағыт беру басшысы Глеб Гусак, ЖКПҚЖД-дегі өзгерістер бойынша бағыт беру басшысы Маргарита Зайцева.

Марапатталғандар үшін Сбербанктің корпоративтік университетінде білім алуға берілген сертификаттар жақсы әрі құнды бонус болды.

Поделиться


Алматы